Logo
Іздеу
Айдарлар

Еліміздің ІЖӨ алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ – Тоқаев

/
Еліміздің ІЖӨ алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ – Тоқаев
Сурет: Ақорда

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде президент еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан асатынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ», - деді мемлекет басшысы

Сондай-ақ ол қазір инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріліп отырғанын  айтты. 

«Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар», - деді Қ. Тоқаев.