Logo
Іздеу
Айдарлар

Жол апатынан инкассаторлық көлік пен ішіндегі ақша өртенді

/
Жол апатынан инкассаторлық көлік пен ішіндегі ақша өртенді
Сурет: видеодан скрин

Қарағанды облысының Қарқаралы — Қарағайлы тасжолында өлімге әкелген апат болды, екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты, соның бірі қызметтік көлік болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие болмай, Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. 28 жастағы Lada жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның 36 жастағы жолаушысы мен 41 жастағы Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі мас болып көрінген, әрі бұған дейін ол мас күйінде көлік басқарғаны үшін куәлігінен айырылған.

Lada Largus көлігі Қарқаралыдағы «Қазпошта» бөлімшесіне тиесілі, инкассаторлық қызмет атқарып жүрген. Соққыдан кейін көлік өртеніп кетті. Ішінде 3 миллионнан астам теңге болған. Ақша түгелімен жанып кеткен.

Қайтыс болған 28 жастағы жүргізуші — Қарқаралы тұрғыны. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бахытжан Құдияров хабарлағандай: «Қылмыстық іс қозғалды, Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда».