Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Петропавлда екі инженер биіктен құлап кетті. Оның бірі «Қазақтелеком» қызметкері

Петропавлда екі инженер биіктен құлап кетті. Оның бірі «Қазақтелеком» қызметкері
Сурет: ашық дереккөзден

Петропавлда өндірістік оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Екі қызметкер жеті метрлік биіктен құлап, біреуі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 5 желтоқсан күні сағат шамамен 11:00-де болған. Екі маман кәсіпорынға интернет кабелін тарту кезінде люлькамен бірге құлаған.

35 жастағы ЖШС  қызметкері — электрмонтаж жұмыстарымен айналысатын компанияның қызметкері — қайтыс болды. Екінші зардап шеккен адамға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Ол «Қазақтелеком» АҚ қызметкері екені хабарланды.

Мемлекеттік органдар мен полиция әзірге ресми пікір білдірген жоқ.