Маңғыстауда мемлекеттік қызметші 750 теңгелік букмекерлік ставка үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Маңғыстауда Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері құмар ойынға қатысқаны үшін қызметінен айырылды. Белгілі болғандай, ол букмекерлік компанияда 2023 жылдың сәуірінде тіркеліп, 2025 жылдың қыркүйегінде шотына ақша салып, ставка жасаған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Тексеру барысында оның әрекеті қолданыстағы талаптарды бұзатыны тез анықталған. 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға және ставкалар жасауға тыйым салынған. Сол себепті дерек анықталған соң қызметкер дереу жұмыстан босатылды.
Тіпті оның 750 теңгелік ставкасы ірі ұтыс әкелген күннің өзінде, жұмыстан қуылудан құтыла алмас еді: мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар букмекерлік компаниялардың ережесінен әлдеқайда қатаң.