Бүгін таңертең Астананың Байқоңыр ауданында, Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильоннан өрт шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біраз уақыттан кейін өрттің оқшауланғаны белгілі болды.