Қазақстандағы ең танымал музыкалық фестивальдердің бірі – дәстүрлі Beu Fest биыл Астанаға оралады. 2025 жылдың соңын қорытындылайтын бұл ауқымды шараны елордалық көрермен тағатсыздана күтіп отыр.
Бұған дейін Алматыда ұйымдастырылған мерекелік фестиваль тыңдарманға ерекше энергия мен ұмытылмас эмоция сыйлап келген. Енді сол әсерлі атмосфера Астананы да баурамақ.
Beu Fest 2025 Astana – заманауи қазақ музыкасын насихаттайтын, өміршең өнерді дәріптейтін ірі жоба. Бұл шара қазіргі қазақ эстрадасы мен жаңа толқынның шығармашылығын бағалайтын тыңдармандар үшін тамаша тарту болмақ.
Фестиваль сахнасында еліміздің танымал әртістері мен жас жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында NinetyOne, VSXV PRiNCE, Aikyn, Shiza, Yenlik, 6ELLUCCI, Ayau, MarhabaSabi, ARO, kilemger бар. Сонымен бірге kanuraichik, meow! dammit және plecto алғаш рет Beu Fest сахнасында ән шырқайтын болады.
Өтетін күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан, сағ.: 18.00
Өтетін орны: "Барыс Арена", Астана қаласы