«Азаматтарға арналған үкімет» мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында бұл қызмет ең сұранысқа ие бағыттардың бірі болып қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ең көп өтініш ірі қалалардан түскен. Алғашқы орында – Алматы: 2 981 адам. Екінші орында – Астана: 2 459 өтініш. Өңірлерде де белсенділік жоғары: Қарағанды облысы – 849, Ақтөбе облысы – 741, Шығыс Қазақстан облысы – 673 адам.
Азаматтар есімін не тегін көбіне дыбысталуы, ұлттық үлгісі, отбасылық себептер немесе 18 жасқа толғаннан кейін өзгертіп жатады.
