Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып, қаза тапты

/
Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып, қаза тапты
Сурет: ҚТЖ

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Теміржол төсемі аймағында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан. Жүк пойызының машинисті шұғыл тежеу қолданғанымен олар жолдан шығып үлгермеген сияқты.

Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.

«Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды. Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.