Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Қазақстан азаматы Нұрлан Ақынжановты Ресей армиясын ашық түрде мойындамау ісі бойынша 30 мың рубль көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Arasha.kz.
БАҚ-та хабарлағандай, 30 қарашада ол «Шок» радиостанциясының тікелей эфиріне кіріп, «бомба жарам» деп қорқытып, «Мәскеуге атом бомбаларын тастау» және соғысты тоқтату туралы үндеу жасаған. Кейін оның ешқандай жарылғыш зат жоқ екені анықталды.
Күзде Ақынжанов осылайша «Питер FM» эфиріне де шығып, үндеу жасамақ болған. Қазіргі таңда ол Қазақстанға депортацияланды.