Logo
Іздеу
Айдарлар

Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі

/
Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі
Сурет: ашық дереккөзден

26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Тур Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан футбол федерациясы және іс-шараның демеушісі - Coca-Cola компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады.

Бұл оқиғаның бірегейлігі - трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан бұл оқиға қаламыз үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.