Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандыда екі жасөспірім жалдамалы пәтерде өлі күйінде табылды

/
Қарағандыда екі жасөспірім жалдамалы пәтерде өлі күйінде табылды
Сурет: ІІМ

Қарағандыда 15 және 18 жастағы жасөспірімдер жалдамалы пәтерден өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағанды облысының екі тұрғынының денесін жалдамалы пәтердің иесі тауып алған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Полиция бұл ақпаратты растады. Қайтыс болу себептері анықталып жатыр, күш қолдану белгілері жоқ екені белгілі.

Тағы бір дерекке сәйкес, пәтерде көз жұмғандардан бөлек ес-түссіз жатқан тағы үш адам болған. Бұл ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме бермеді.

Қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін толық көлемде тергеу және жедел-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Тергеудің барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тексеру мен тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД.