Logo
Іздеу
Айдарлар

Әли Оқапов әкесі мен анасының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттерін көрсетті

/
Әли Оқапов әкесі мен анасының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттерін көрсетті
instagram.com/aliokapov

Танымал әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын еш жерде жарияланбаған ерекше суреттер топтамасын бөлісті. Кадрлардан оның балалық шағы және анасы – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жастық шағынан түсірілген естеліктер орын алған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әли бұл ретте анасына деген ыстық ықыласын қысқа да мағыналы түрде жеткізді:

"Мама, туған күніңмен", – деп жазды ол суреттердің астына.

Желі қолданушылары да қарап қалмай, бірден өз құттықтауларын жаудырды. Көпшілік Роза Қуанышқызын жылы лебізге бөкті.

"Қазақтың примадоннасы, туған күніңізбен! Денсаулығыңыз мықты болып, немере-шөберенің қызығын көріңіз!", "Сіздей өнер иесі бар ел – бақытты! Әли мен Мәди сияқты асыл ұлдарды тәрбиелегеніңіз үшін алғыс!", "Роза Қуанышқызы, сіз – қазақтың мақтанышысыз! Ұзақ ғұмыр, сарқылмас шабыт тілейміз!" – деп жазды желі қолданушылары.

Қолданушылар Рымбаеваны қазақ эстрадасының символы ретінде атап, оның өнеріне де, аналық мейіріміне де ерекше құрмет білдірді.