Logo
Іздеу
Айдарлар

Маңғыстауда йогурт тиеген фура аударылып қалды, жүргізуші тауарды тегін таратты

/
Маңғыстауда йогурт тиеген фура аударылып қалды, жүргізуші тауарды тегін таратты
Сурет: ЖИ

Маңғыстау облысында фураның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы желіде тарады. Онда апаттан кейін жүргізушінің тасымалдап келе жатқан йогурттарды жұртқа тегін таратқаны айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаға қарағанда, Маңғыстау облысында йогурт тиелген жүк көлігі аударылған. Жүргізуші өнімді қалаған адамдарға тегін үлестірген. Кадрлардан кейбір адамдардың автокөліктерінің жүк салғышын йогурт салынған қораптарға толтырып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын растады.

«Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан жүк көлігі аударылды. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.