Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Бүгін Қазақстанның көптеген өңірінде синоптиктер қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшейеді деп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу өңірінде қар жауып, төменгі бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Абай өңірінде қар, бұрқасын, кей жерлерде тұман, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қар, төменгі бұрқасын, тұман күтіледі.

Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болады.

▪️ Астанада күндіз –12–14 °C, аздаған қар, жер бораны. Түнде –12–14 °C. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.

▪️ Алматыда күндіз +1…+3 °C, жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Түнде –5–7 °C, қар, жер бораны, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с.

▪️ Шымкентте күндіз 0…–2 °C, қар, тұман. Түнде –5–7 °C, қар, төменгі бұрқасын, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.