Logo
Іздеу
Айдарлар

Қонаевта төтенше жағдай жарияланды

/
Қонаевта төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Әкімдік

Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (жел екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шықты, деп хабарлайды Arasha.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына («Азаматтық қорғау туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдар) сәйкес, Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды», - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.