Logo
Іздеу
Айдарлар

Димаш Құдайбергенге профессор атағы берілді

/
Димаш Құдайбергенге профессор атағы берілді
Сурет: ҚазҰМУ

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры атанды. Бұл туралы университеттің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған фото және видеолар арқылы белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күні кеше Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген университет студенттері мен ұжымымен кездесіп, өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында әнші рухани байлықтың өзі үшін талант пен кәсіби біліктіліктен де маңызды екенін атап өтті.

«Рухани байлық – іргетас. Егер ол болмаса, белгілі бір биіктерге жеткеннің өзінде, оның мәні жоғалады», – деді өнер иесі.

Студенттерге сөз арнай отырып, әнші олардың таңдаған мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Сіздер өте күрделі жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Мұнда әрдайым ізденісте болып, өз-өзіңмен жұмыс істеп, үнемі оқып-үйрену қажет.

Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалатын жандар», – деді ол.

Кездесу соңында Димаш Құдайбергенге құрметті профессор атағы берілді.

«Университет ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға қосқан үлесі, жастардың рухани тәрбиесіне ықпалы және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін ілгерілеткені үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын табыстады», – делінген жарияланымда.