Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Стоматологиядағы қыз баланың өлімі: прокурор анестезиологты амнистиямен босатуды сұрады

Стоматологиядағы қыз баланың өлімі: прокурор анестезиологты амнистиямен босатуды сұрады
Сурет: Рixabay

Dent Park Ortho стоматологиясында үш жасар қыздың қайтыс болуына байланысты іс бойынша сотта прокурор мемлекеттік айыптаудың – анестезиолог Аида Жұмағалиеваға қандай жаза сұрайтынын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот жарыссөздер кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы Еркебұлан Шалқаров айыптаудың ұстанымын таныстырды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігіне сәйкес төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын және үш жыл мерзімге медициналық қызмет көрсету құқығынан айыруды тағайындауды сұрады. Сонымен қатар:

«Конституция күніне орай қабылданған амнистия туралы заңға сәйкес, айыпталушыны тағайындалған жазадан босатуды сұраймын», – деді.