Logo
Іздеу
Айдарлар

"Үш нәрсені тереңірек түсіндім": Бейсен Құранбектің жазған соңғы хаты

/
"Үш нәрсені тереңірек түсіндім": Бейсен Құранбектің жазған соңғы хаты
ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің өмірден өтуі күллі елді күйзелтті. Оның қазасынан кейін желіде журналистің дүниеден өтер алдында жазған соңғы жазбасы таралып, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Білу – бөлек, түсіну – басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші, Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол – ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.

Екінші, халқымыздың "басты байлық – денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық – қолға ұстаған мұз, Бақыт – басқа қонған құс, Бала – артта қалар із, бұл өмірдің қызығы – Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім", – деп жазды тележүргізуші соңғы жазбасында.

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол 49 жасында өмірден өтті. Журналист 2013-2017 жылдары "Айтуға оңай" әлеуметтік ток-шоуын жүргізіп, кейін ұлттық арнадағы "Қарекет" бағдарламасының жүргізушісі ретінде көрерменге кеңінен танылды.