Logo
Іздеу
Айдарлар

"Министр мені бұғаттап тастады": Елге белгілі жас ұстаз ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)

/
"Министр мені бұғаттап тастады": Елге белгілі жас ұстаз ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Caravan.kz

Оқу-ағарту министрінің блогер-мұғалімді әлеуметтік желіде бұғаттағаны белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогердің айтуынша, ол министр тарапынан бұғатталғанын жеке парақшасынан байқап қалған. Оқиғаға қатысты ол өз жазбасында түсініктеме берді.

"Оқу-ағарту министрі мені әлеуметтік желіден бұғаттап тастаған екен. Парақшаны өзі басқара ма, әлде көмекшілері ме, білмеймін. Бірақ мені блоктағанын байқадым. Бұл әрекетін түсінбедім, өйткені бұрын оны қолдаған болатынмын. Депутаттық қызметіндегі жұмысының нәтижесін көрсету үшін посттарын бақылап отырдым. Мен әлеуметтік желіге пост салған едім, ал қазір ол кісі мені бұғаттап тастаған. Бұны мен мұғалімдердің мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейтін әрекет деп түсіндім, себебі мен посттарымда жүйедегі олқылықтар мен мұғалімдердің мәселелерін көтергенмін. Бұл әрекетті "Естуші Үкіметке" жасалған қиянат деп қабылдадым", – деді блогер.