Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаевтың Жапонияға сапары аясында 3,7 миллиард доллардан асатын құжатқа қол қойылды

Тоқаевтың Жапонияға сапары аясында 3,7 миллиард доллардан асатын құжатқа қол қойылды
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажеттігін айтты.

«Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті.  Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты», - деді мемлекет басшысы. 

Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеді.

«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», -деді Тоқаев форумда.