Logo
Іздеу
Айдарлар

Қайтыс болған әжені «ұйықтап жатыр деп» ұшақ бортына алып кірген

/
Қайтыс болған әжені «ұйықтап жатыр деп» ұшақ бортына алып кірген
Сурет: Рixabay

Ұлыбританиялық бес адамнан тұратын отбасы EasyJet әуе компаниясының Малагадан Лондондағы Гатвик әуежайына бағытталған рейсіне қайтыс болған әжесінің денесін алып өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Mirror басылымы куәгерлерге сілтеме жасап жазғандай, олар әйелді ұшақтағы орнына дейін мүгедектер арбасымен жеткізіп, кейін бірлесіп отырғызған.

«Бес туысы 89 жастағы әйелге ұшақ бортына көтерілуге көмектесті, ал куәгерлердің айтуынша, отбасы әуе компаниясы қызметкерлеріне оның өзін жайсыз сезініп, ұйықтап кеткенін айтқан», – делінген хабарламада.

Жолаушылардың пікірінше, отырғызу сәтінде әже қайтыс болған, алайда экипажға бұл туралы ұшар алдында ғана хабарланған. Соның салдарынан ұшақ ұшу-қону жолағында кері бұрылып, рейс 12 сағатқа кешіктірілген.

Бұған дейін Лондонда құжатсыз қаңғыбас адамның ұшақ бортына жасырын кіріп кеткені хабарланған болатын.