Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов "Qazaqstan" телеарнасының 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатында өмірі мен өнер жолына қатысты терең ойларын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осы жұмада эфирге шыққан бұл әңгіме аңыз актердің соңғы сұхбаты болған еді.
Сұхбат барысында Асанәлі Әшімов өткен өміріне өкпесі жоғын айтып, тағдырдың талай сынағынан өткенін тебірене жеткізді.
"Өміріме өкпем жоқ. Қаншама қиындық болды. Сондықтан "Жан бөлек" деген кітап жаздым. "Шығарда жаным бөлек", – дейді қазақ. Олармен бірге кете алмайсың, жаның бөлек. Тірі адам тіршілігін жасайды", – деді Асанәлі Әшімов.