Logo
Іздеу
Айдарлар

Студент оқытушыға пышақ жарақатын салды

/
Студент оқытушыға пышақ жарақатын салды
Сурет: видеодан скрин

Алматыда ALT University студенті оқытушыға шабуыл жасады. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, студент ұсталды.

— Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өзге де мән-жайлар анықталуда.

Нұсқалардың біріне сәйкес, жанжал бағаға байланысты туындауы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және жәбірленген оқытушының оған сабақ бермейтінін нақтылады. Бұл туралы Qumash телеграм арнасы хабарлады.

Оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, жарақаттар үстірт болған, өміріне қауіп жоқ.