Logo
Іздеу
Айдарлар

2026 жылдан бастап кейбір азаматтардан жеке куәлік үшін ақы алынбайды

/
2026 жылдан бастап кейбір азаматтардан жеке куәлік үшін ақы алынбайды
Сурет: Азаматтарға арналған үкімет

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2025 жылғы 22 желтоқсанда жеке куәліктерге қатысты жақсы жаңалық жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәлімдемесінде ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғашқы беру кезінде және мерзімі өткеннен кейін жаңарту кезінде тегін алатынын айтты.

«Бұл ІІМ бастамасымен енгізілген ерекше тәжірибе азаматтарға құжат алу процесін жеңілдетуге және қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Алғашқы жеке куәліктер бірінші беру кезінде тегін болады. Сондай-ақ, жеке куәлікті тек мерзімі өткендіктен жаңартқанда да мемлекеттік алымсыз жасалады», – деді Аслан Аталықов.

Оның деректеріне сәйкес, осы жылдың басынан бері Көші-қон қызметі комитеті:

- 1,9 млн жеке куәлік берген;

- 1,1 млн Қазақстан азаматының паспортын берген;

- 303 мың балалар паспорты шығарған.