Logo
Іздеу
Айдарлар

Талдықорғанда әйел мысығын кір жуғыш машинаға салып «жуған»

/
Талдықорғанда әйел мысығын кір жуғыш машинаға салып «жуған»
Сурет: pexels

Желіде тараған видеодан жануарды кір жуғыш машинаның барабанына салып жатқанын көруге болады. Осы жайттан кейін полиция жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видео авторы бұл әрекетін жай ғана «әзіл» болды деп ақталды. Оның айтуынша, барабан сусыз, тек бір рет қана айналдырылған және мысықты бірден шығарып алған. Жануарды ветеринар тексеріп, қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын растады.

Соған қарамастан, мысықтың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері жануарларға зиян тигізуі мүмкін кез келген әрекет, мейлі ол «әзіл» немесе видео түсіру үшін жасалса да, заңға қайшы әрі жол берілмейтін дүние екенін ескертті.