Оңтүстік Кореяның Innospace компаниясына тиесілі алғашқы коммерциялық Hanbit-Nano зымыран-тасығышы Бразилиядағы Алкантара ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін 30 секундтан соң өртеніп, жерге құлады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл Оңтүстік Кореяның жеке компаниясы жүзеге асырған алғашқы ұшыру әрекеті болды. Төтенше жағдайдан кейін ғарыш айлағынан жүргізілген тікелей трансляция тоқтатылды.
Innospace мәліметінше, ұшу барысында ақау анықталып, зымыран қауіпсіздік аймағы шегінде құлаған. Қаза тапқандар да, жердегі нысандардың зақымданғаны туралы дерек те жоқ.
Оқиғадан кейін Innospace компаниясының акциялары шамамен 22%-ға төмендеді.