Logo
Іздеу
Айдарлар

Мешіт алдына қайыр сұрау үшін қымбат көлікпен келетіндер бар – Нұрлан имам

/
Мешіт алдына қайыр сұрау үшін қымбат көлікпен келетіндер бар – Нұрлан имам
видеодан скриншот

"Нұрлан имам" атымен танымал имам Нұрлан Байжігітов мешіт маңында қайыр сұрап жүргендердің арасында алаяқтықты кәсіпке айналдырған адамдар бар екенін айтты. Ол бұл пікірін әлеуметтік желіде оқырмандарының бірінің тұрмысы төмен жандар туралы қойған сұрағына жауап беру барысында білдірген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Имамның сөзінше, баспанасыз немесе шынымен мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан көмек қарастырылған. Алайда мешіт алдында қол жайып жүргендердің басым бөлігі қайыр сұрауды тұрақты табыс көзіне айналдырған.

"Үй-күйсіз жүргендерге мемлекеттің көмегі бар. Бірақ, біздің көріп жүргеніміз, мешіттің алдына тұрып алғандардың көбінің ісі – алаяқтық. Өзіне кәсіп қылып алғандар. Мешіттегі видеокамераға түскен. Қымбат таксимен,  бизнес санаттағы мәшінемен келетіндер бар. Бизнес санаттағы көлікпен келген адамның жағдайы жоқ деп кім айта алады?" – деді Нұрлан имам.

Сонымен қатар ол қайыр сұраушылардың арасында шын мәнінде мұқтаж жандар да барын жоққа шығармайды. Дегенмен имам қол жайып жүргеннен гөрі адал еңбек етіп, өз күнін өзі көруге шақырды.

"Жоқ демейміз. Енді аяқтан тұрып, оңға тартса, оңға, солға тартса, солға жетпей жүрген қазақ жеткілікті. "Ұлы даланың квартиранттары» жеткілікті. Бірақ, ойбайлай бергеннен, алақан жая бергеннен ешкім жақсылық әкеліп бермейді. Сондықтан адам өзін-өзі жетектеп, талпынса, Құдай береді", — деді ол.