Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтаудағы бірнеше адамның өмірін қиған ұшақ апатына қатысты тың дерек мәлім болды

/
Ақтаудағы бірнеше адамның өмірін қиған ұшақ апатына қатысты тың дерек мәлім болды
ТЖМ

Дәл бір жыл бұрын Ақтау қаласы маңында Баку – Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл қайғылы оқиға ондаған адамның өмірін қиып, өңірдегі ең көп талқыланған әуе апаттарының біріне айналды, деп жазады Arasha.kz.

25 желтоқсан күні Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі, AHY8243 рейсін орындаған жолаушылар ұшағы (Баку – Грозный) құлады. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан ондаған адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалды, олардың көпшілігі ауыр жарақат алған.

Ұшақ Астана уақытымен 08:49-де Баку әуежайынан жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозный қаласындағы қою тұманға байланысты әуе кемесі алдымен Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.

Каспий теңізінің үстінен ұшып бара жатқанда экипаж "төтенше жағдай" (squawk 7700) белгісін берген. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап, әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда сағат 11:30-да әуе кемесі әуежайдан шамамен 3 шақырым жерде жерге құлаған.