Logo
Іздеу
Айдарлар

2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдеріне қатысты мәлімдеме жасалды

/
2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдеріне қатысты мәлімдеме жасалды
Сурет: Рixabay

Қазнетте 2026 жылғы қаңтардың зейнетақысы өсімді есепке ала отырып, 2025 жылдың 30 желтоқсанына дейін мерзімінен бұрын төленеді екен деген ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Зейнетақы мен жәрдемақы бекітілген кестеге сәйкес төленеді. Қаңтар айындағы зейнетақы төлемдері индекстеуді есепке ала отырып, 2026 жылдың қаңтар айында аударылады. Желтоқсан айының зейнетақысы толық көлемде төленіп қойды», — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, қазақстандықтардан жеке деректердің қолды болуын болдырмау үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуді қатаң сұрайды.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек келесі арналар арқылы таратылады:

1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы;

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында.