Logo
Іздеу
Айдарлар

Германияда өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды

/
Германияда өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды
Сурет: ашық дереккөзден

Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның ағасы бұл іс бойынша күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, олар Ресей аумағында, Мәскеу қаласында қолға түскен.

Қанат Сайлыбаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдегендей, марқұмның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцова анықталып, полицияға жеткізілген.

«Александр Донцов пен оның анасы Натальяның Мәскеуде анықталып, полицияға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі мәселелері шешіледі. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуын ескерсек, барлық процедуралар ұзақ уақыт алуы мүмкін», — деп жазды ол.

Еске салсақ, Айгүл Сайлыбаева 3 маусымнан бастап байланысқа шықпай қалған.  Соңғы бес жылда ол күйеуімен және баласымен бірге Германияда тұрған. Туыстары тұрмыстық зорлық-зомбылық болды деп күдіктеніп, Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына көмек сұрап жүгінген.

Кейінірек неміс БАҚ-тары Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласына жақын жердегі қараусыз қалған карьерден, қаптың ішінен табылғанын хабарлады. Оның денесінде қолына, мойнына және бетіне салынған пышақ жарақаттары болған. Дәл сол кезеңде оның 49 жастағы енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен болатын.