Logo
Іздеу
Айдарлар

Білім беру саласындағы цифрландыру: ҚазҰУ тәжірибесі және жаңа мүмкіндіктер

/
Білім беру саласындағы цифрландыру: ҚазҰУ тәжірибесі және жаңа мүмкіндіктер
Сурет: pexels

XXI ғасыр-цифрлық серпілістер мен технологиялық жаңғыру дәуірі. Әлем елдері экономиканы, өндірісті, басқару мен білім беруді цифрландыруды стратегиялық басымдық ретінде қарастырып отыр. Цифрлық білім-бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың басты тетігі. Осы бағытта елімізде  жүйелі жұмыс жүргізіп, білім беру процесіне IT шешімдерді енгізуді белсенді дамытуда. Бұл өзгерістердің алдыңғы қатарында еліміздің жетекші оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұр.

ҚазҰУ – цифрландыру саясатын ерте қолға алған жоғары оқу орындарының бірі. Университет инфрақұрылымды жаңғыртып, заманауи платформаларға негізделген білім беру моделін қалыптастырды. Осылайша білім алушыларға қолжетімді, ашық, уақыт пен кеңістікке тәуелсіз оқу ортасын ұсынды.

Оқу ордамыздың стратегиялық даму бағдарламасында цифрландыру негізгі бағыт ретінде белгіленген. Университет қабырғасында «Smart University», «e-Campus», «Platonus/Univer 2.0», LMS қашықтан оқыту жүйесі, Цифрлық кітапхана, Виртуалды ғылыми орталықтар жұмыс істейді. Студент қабылдаудан бастап, транскрипт алу, кітапханадан ресурс сұрау, сабақ кестесін қарау, емтихан тапсыру-барлығы онлайн режімге кезең-кезеңмен көшірілді.Білім процесін бюрократиядан арылтып, ашықтықты қамтамасыз етіп, студент пен оқытушы арасындағы тиімді кері байланысты қалыптастыруға жол ашты. Цифрлы экожүйе оқу сапасын арттырып қана қоймай, жастардың жеке оқу траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Пандемия кезеңінде әлем елдері онлайн білім форматына жедел ауысуға мәжбүр болды. ҚазҰУ бұл кезеңде IT-инфрақұрылымның дайын болуына байланысты оқу процесін кедергісіз жалғастырды. Бүгінде онлайн-оқыту білім берудің балама формасы емес, толыққанды, заңды оқу моделі ретінде қалыптасты.Университет лекциялар мен практикалық сабақтарды бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар, тест жүйелері, вебинарлар арқылы өткізеді. Аралас формат (offline + online) студенттердің уақытты басқаруын жеңілдетіп, материалды меңгеру тиімділігін арттырды. 

Қара шаңырақта цифрлық трансформация тек оқу процесімен шектелмейді. Ғылыми ортада Big Data, жасанды интеллект, құқықтық технологиялар, биомедициналық деректерді өңдеу, экологиялық мониторинг сияқты бағыттар қарқынды дамуда.Университет кітапханасы толық цифрлық қорға көшуде. Электронды каталог, ғылыми басылымдар, диссертациялар мен мақалалар базасы студенттерге тәулік бойы қолжетімді. Онлайн іздеу жүйелері материалды іздеуді жеңілдетіп, білім алушылардың академиялық зерттеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

Заң факультеті де цифрландыру мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Электронды сот істері, цифрлық нотариат, e-gov сервисі, құқықтық деректер базалары-болашақ заңгер үшін міндетті дағды. Оқу барысында студенттер:
Цифрландыру-уақыт талабы. Ол білімге қолжетімділік шегін кеңейтіп, оқыту сапасын арттырады, басқару жүйесін жеңілдетеді.

ҚазҰУ тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технологияларды дұрыс интеграциялау университетті жаңа деңгейге шығарады: студент цифрлы ортада еркін жұмыс істейді, ақпаратты талдай алады, өз білім трегекториясын өзі жоспарлайды.Сондықтан білім беру саласындағы цифрландыру – болашаққа жасалған сенімді қадам.

Баймаханова Д.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,  заң ғылымдарының докторы

Лучкин Кристиан Сергеевич   
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 
1 курс магистранты