Logo
Іздеу
Айдарлар

Лавров: Тайвань төңірегінде жағдай ушығатын болса, Ресей Қытайды қолдайды

/
Лавров: Тайвань төңірегінде жағдай ушығатын болса, Ресей Қытайды қолдайды
Сурет: ашық дереккөзден

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ТАСС агенттігіне берген ауқымды сұхбатында «Тайвань бұғазындағы жағдай ушығатын болса, Ресей қандай ұстанымда болады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Тайвань бұғазындағы жағдайдың ықтимал ушығуына келсек, мұндай жағдайларда әрекет ету тәртібі 2001 жылғы 16 шілдеде қол қойылған Ресей мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы негізгі шартта айқын көрсетілген. Бұл құжатта бекітілген басты қағидаттардың бірі — мемлекеттік бірлік пен аумақтық тұтастықты қорғау мәселелерінде өзара қолдау көрсету», — деді Лавров.

Қытай Халық Республикасы Тайваньды өзінен бөлініп кеткен провинция деп санайды және қажет болған жағдайда оны күшпен бақылауға алу мүмкіндігін жоққа шығармайды (алайда Тайвань Қытай Коммунистік партиясының билігінде ешқашан болған емес).

2022 жылдан бері Мәскеу мен Бейжің арасындағы байланыс одан әрі нығайды. Ал Тайвань Украинамен ынтымақ белгісі ретінде Батыстың санкцияларына қосылды. Осыдан кейін Ресей оны «достыққа жатпайтын» мемлекеттер мен аумақтар тізіміне енгізді.