Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада жаңбыр: 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/
Астанада жаңбыр: 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда күн жылынды. Оңтүстік циклон ауа температурасының көтерілуімен қатар қар мен бұрқасын алып келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, 30 желтоқсанда Ұлытау, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, кейін қарға ауысады, ал республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Ел аумағында көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанады.

▪️ Астанада күндіз +1…+3 °C, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ. Түнде –3…–5 °C, қар, бұрқасын. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.
▪️ Алматыда күндіз +8…+10 °C, түнде +1…+3 °C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +11…+13 °C, түнде +6…+8 °C, кей уақытта нөсер жаңбыр. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.