Logo
Іздеу
Айдарлар

Көкшетаудағы барбершопта болған жанжалдан кейін полиция тексеріс жүргізуде

/
Көкшетаудағы барбершопта болған жанжалдан кейін полиция тексеріс жүргізуде
Сурет: pexels

Көкшетау полициясы барбершопта қазақ тіліндегі әнге байланысты туындаған жанжалдан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Полиция департаменті бұл факт Көкшетау қалалық полиция басқармасында тіркелгенін хабарлайды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау ведомствосы тергеу құпиялылығына сүйеніп, оқиғаның егжей-тегжейін ашпады.

«Тексеру жүргізіліп, толық процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ақпарат жария етілмейді», — деп толықтырды полиция өкілдері.

Жақында Көкшетау тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіне осы жанжал туралы видео жариялаған болатын. Бейнежазба бірден тарап кетті және автордың айтуынша, оған полиция, ҰҚКД (ДКНБ) және прокуратура қызметкерлері назар аударған. Бойжеткеннің сөзінше, оны полицияға шақырып, түсініктеме алған. Ол жағдайды ушықтырмас үшін резонанс тудырған видеоларды өзі өшіріп тастаған.