Logo
Іздеу
Айдарлар

Жаңа жыл түні Таразда көпқабатты үй өртенді

/
Жаңа жыл түні Таразда көпқабатты үй өртенді
Сурет: видеодан скрин

Үйден шамамен 100 адам эвакуацияланған, олардың 30-ы — балалар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Барлығы жақын маңда орналасқан №25 орта мектеп ғимаратына орналастырылған. Балаларға ТЖД көліктерінде де жылынуға жағдай жасалды, деп жазды HALYQSTAN телеграм арнасы.

Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, бір мезетте жеті су атқыш арқылы өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 62 адам және 22 техника бірлігі жұмылдырылған.

Шатырдың жалпы аумағы 1100 шаршы метрді құрайды, оның шамамен 900 шаршы метрі отқа оранған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында полиция және басқа да жедел қызмет өкілдері кезекшілік етуде.