5 қаңтардан бастап Қазақстанның мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (мамандандырылған ХҚКО) автокөліктерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (МТНБ) еркін таңдау мүмкіндігі қолжетімді болады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтар мемлекеттік нөмірлерді таңдау қызметін мамандандырылған ХҚКО арқылы 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап пайдалана алады. Бұл ретте, кез келген қалаған әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК-ті құрайды (берілгені үшін бөлек мемлекеттік алымдар қарастырылған жоғары сұранысқа ие нөмірлерді қоспағанда)», - деп хабарлады жұма күні ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенова.
ІІМ түсіндіргендей, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кез келген қалаған цифрлық және әріптік белгілері бар мемлекеттік нөмірлерді еркін таңдауды қарастыратын нормалар әзірленіп, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.