Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қызының мәйіті қонақ үйден табылды": Танымал актердің шаңырағында қайғылы жайт орын алды (ФОТО)

/
"Қызының мәйіті қонақ үйден табылды": Танымал актердің шаңырағында қайғылы жайт орын алды (ФОТО)
ашық дереккөзден

АҚШ-тың әйгілі актері Томми Ли Джонстың 34 жастағы қызы Виктория Калифорния штатындағы қонақүйлердің бірінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұмның мәйіті табылғаны жөніндегі ақпаратты NBC Bay Area телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап растаған. Ал TMZ порталының мәліметінше, Викторияның денесі 1 қаңтар күні таңертең Сан-Франциско қаласындағы Fairmont San Francisco қонақүйінен табылған.

Алдын ала дерекке сәйкес, түнгі сағат 04:00 шамасында оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, кейін парамедиктер мен сот-медициналық сарапшы шақырылған.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын Сан-Франциско полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Белгілі болғандай, Виктория – Томми Ли Джонс пен Кимберли Клоуглидің қызы. Ерлі-зайыптының сондай-ақ 43 жастағы Остин Джонс есімді ұлы бар.

Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.