Logo
Іздеу
Айдарлар

Tesla электромобильдер нарығындағы әлемдік көшбасшылықтан айырылды

/
Tesla электромобильдер нарығындағы әлемдік көшбасшылықтан айырылды
Сурет: Рixabay

2025 жылдың қорытындысы бойынша компания әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі мәртебесінен айырылды. Бірінші орынды қытайлық BYD иеленді, деп жазады Sky News.

Tesla 1,64 млн көлік сатты — бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға аз. Сату көрсеткіштері осымен екінші жыл қатарынан төмендеп отыр. Ал BYD-ның көрсеткіші — 2,26 млн электромобиль, бұл рекордтық нәтиже болып тіркелді.

Соңғы тоқсанда Tesla сарапшылардың болжамына жете алмады. Көрсеткіштердің төмендеуіне АҚШ-тағы салық жеңілдіктерінің жойылуы, қатаң бәсекелестік және Илон Масқтың қоғамдық әрі саяси белсенділігіне байланысты тәуекелдер әсер еткен.

Соған қарамастан, Tesla акциялары бір жыл ішінде шамамен 11%-ға өсті — инвесторлар компанияның роботакси мен андроидтарға жасаған бәсесіне әлі де сенеді.

Сондай-ақ, Tesla желтоқсан айының соңында жаңа қаржылық рекорд орнатқан Илон Масқтың басты активі болып қала береді. Forbes мәліметінше, оның дәулеті 700 миллиард доллардан асты.