Logo
Іздеу
Айдарлар

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды

/
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңнамалық өзгерістерді көздейтін жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.

Құжат Конституциялық сот шешімдерін іске асыру тетіктерін нақтылауға, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтару үдерісін жетілдіруге бағытталған.