Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Ұлыбритания мен Франция Сириядағы ДАИШ нысандарына әуе соққысын жасады

Ұлыбритания мен Франция Сириядағы ДАИШ нысандарына әуе соққысын жасады
Сурет: Typhoon-Flugzeug

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі корольдік әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары француз ұшақтарымен бірлесіп, Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) тобы пайдаланатын жерасты қару-жарақ қоймасына соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әскерилердің мәлімдемесіне сәйкес, қойма Пальмираның солтүстігіндегі таулы аймақта орналасқан. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі нысананың сәтті жойылғанын нақтылады.

Желтоқсан айында америкалық әскерилер Пальмирадағы Сирия-Америка патруліне жасалған шабуылға жауап ретінде Сириядағы ДАИШ-тің ондаған нысанына соққы берген болатын. Сол шабуылдың салдарынан үш америкалық қаза тапқан еді.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Сирия мен Иракта ДАИШ-тің әлі де 5000-нан 7000-ға дейін содыры бар.