Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин Тоқаевқа Назарбаевпен кездесетіні жайлы айтқан

/
Путин Тоқаевқа Назарбаевпен кездесетіні жайлы айтқан
Сурет: Кремль

Ресей басшысы Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен не себепті кездескенін түсіндірген. Бұл туралы президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Дәстүрге айналған бұл кездесулер бейресми сипатқа ие. Бұл жайтты Ресей президентінің өзі де атап өтті. Жақында Санкт-Петербургте өткен кездесуде Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның табанды өтініші бойынша қабылдайтынын айтқан болатын. Ресей президенті достары мен әріптестеріне деген ілтипатымен ерекшеленеді. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ол сенбі күні уақыт тауып, Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесті. Оны Ресей көшбасшы еуразиялық интеграцияның бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде жоғары бағалайды», — деді Тоқаев басылымға берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, бұл кездесу Путиннің адами қасиеттерінің жоғары екенін көрсетеді.

«Мұндай әңгімелердің мазмұны мені қызықтырмайды, бұл тақырыпта ешқашан сұрақ қойған емеспін. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына келер болсақ, мен оның қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы екенін бірнеше рет айтқанмын. Оның мемлекеттік институттарды, экономикадағы нарықтық механизмдерді құрудағы, жаңа елорданы салудағы еңбегі бәріне мәлім. Өздеріңіз білетіндей, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп аумағына айналдырғымыз келеді. Сондықтан әрбір азаматтың еңбегіне жеке көзқарасқа салынбай, әділ баға берілуі тиіс. Бұл еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты», — деп мәлімдеді Тоқаев.