Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жетті

/
Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жетті
pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бюро деректеріне сәйкес, ел халқының саны 20 478 879 адамға жеткен. Ал жылдың басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. Осылайша, 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан.

Ең тығыз қоныстанған өңірлер қатарында:

  • Алматы қаласы – 2 345 012 адам;
  • Түркістан облысы – 2 148 168 адам;
  • Астана қаласы – 1 630 640 адам;
  • Алматы облысы – 1 592 652 адам.

Халқы 1 миллионнан асатын өңірлер:

  • Шымкент қаласы – 1 291 011 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 215 892 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 131 438 адам.

Сонымен қатар халқы аз аймақтар да бар:

  • Ұлытау облысы – 219 200 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам;
  • Абай облысы – 596 000 адам.

Айта кетейік, қазақстандықтардың басым бөлігі әлі де қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13 013 064 адамды, ал ауыл тұрғындарының саны 7 465 815 адамды құрайды.