Оқиға «Соколовская» шахтасында орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тау-кен қазбасындағы жұмыстар кезінде кен кесектері кептеліп қалған, соларды босату үшін жарылғыш заттарды қолдану барысында бақылаусыз жарылыс болған. Салдарынан скреперлік лебедка машинисі жарақат алды.
Зардап шеккен адам қалалық ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады – қазіргі уақытта еңбекті қорғау ережелерінің ықтимал бұзылуы тексеріліп, барлық мән-жайлар анықталуда.