Logo
Іздеу
Айдарлар

"Өзбекстанға өтіп кетті, жоспарланған нәрсе": Атырауда жоғалған ер адамның інісі шындықты айтты (ВИДЕО)

/
"Өзбекстанға өтіп кетті, жоспарланған нәрсе": Атырауда жоғалған ер адамның інісі шындықты айтты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Белгілі журналист Руслан Өтепбай Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы жайлы тың мәліметті айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Атырау облысында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Ауылдастарының айтуынша, ең алғаш жоғалған – үйдің ұлы Наурыз. Ол шамамен бес-алты ай бұрын Ақтауға жұмыс іздеп кеткен. Алайда сол кеткеннен бері Наурыздан ешқандай хат-хабар жоқ. Ал қазан айында, көршілерінің сөзіне сенсек, отбасы басшысы Максот Қарабалин дәрігерге баратынын айтып, жұбайы мен қызын өзімен бірге алып кеткен. Бұл жағдай туыстарын қатты алаңдатқан. Себебі қызы Мирамгүл үшінші топтағы мүгедек екені белгілі. Осыдан кейін отбасының бірде-бір мүшесі ауылда қайта көрінбеген. Күмән тудыратын тағы бір жайт- үйдегі барлық мал WhatsApp арқылы, ұлдарының атынан сатылған. Ақша Kaspi шотына аударылғаны айтылады. Бірақ осы операциялардан кейін де отбасы мүшелері мүлде байланысқа шықпаған. Ал Мақсоттың туған ағасының баласы редакциямызға мынадай аудиожазба жолдады", – деді Руслан Өтепбай.

Бұл жазбада Мақсот Мұқанғалиевтың туған ағасының баласы былай деген.

"Өзбекстанға қарай өтіп кеткен сияқты. Жалпы жоспарланған нәрсе".