Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда қойма өртенді

/
Алматыда қойма өртенді
Сурет: ТЖД

Алматыда Солтүстік айналма жолының бойындағы қоймадан ірі өрт шықты, деп хабарлайды Arasha.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Алматы қалалық ТЖМ бөлімшелері Солтүстік айналма тас жолындағы қоймадағы өртті сөндіріп жатыр. Алғашқы өрт сөндіру есептері келген бойда қойма үй-жайының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде. Өрт оқпандары берілді, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды», — делінген бейсенбіге қараған түнгі хабарламада.

Оқиға орнында өртті сөндіру штабы құрылып, жұмысқа 85 қызметкер мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. Үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, ТЖМ автопойызы пайдаланылды. Ғимарат конструкциясының ерекшеліктері мен өрт жүктемесінің жоғары болуы жалынды сөндіруді қиындатты.

«ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында оттың іргелес тұрған ғимаратқа таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады ТЖМ.

Таңғы сағат 07:05-те ведомство өрттің 1,9 мың шаршы метр аумақта толық сөндірілгенін қосымша хабарлады.