Logo
Іздеу
Айдарлар

СҚО-да жол-көлік апатынан екі ересек адам мен екі бала қаза тапты

/
СҚО-да жол-көлік апатынан екі ересек адам мен екі бала қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Қорқынышты жол апаты бүгін таңертең бірден төрт адамның өмірін қиды, олардың екеуі — балалар, деп хабарлайды Arasha.kz.

ЖКО Петропавл – Астана тас жолында, Рощинское мен Рублёвка ауылдарының арасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан екі көлік те жол жиегіне аударылған. Айта кетейік, бұл жол учаскесінде жол тазаланған, көктайғақ болмаған.

– Toyota Camry және Shacman автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты, – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Toyota Camry көлігін 25 жастағы жігіт басқарған. Көлікте онымен бірге 63 жастағы әйел және жастары 14 пен 17-дегі екі бала болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.