Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жарына адал бола алмай, сүрініп жатқандар жайлы жиі естіп, жүрегім ауырады..." – Қарақат Әбілдина

/
"Жарына адал бола алмай, сүрініп жатқандар жайлы жиі естіп, жүрегім ауырады..." – Қарақат Әбілдина
ашық дереккөзден

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ойлы әрі әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі үшін өмірдегі ең қымбат әрі ең биік құндылық – адалдық екенін атап өтті. Оның айтуынша, адалдық тек жарға ғана емес, атқарған іске, тіпті отбасы үшін дайындалған асқа дейін сезілуі керек.

"Мен үшін бұл өмірдегі ең қымбат, ең биік қасиет – адалдық. Жарыңа адал болу, ісіңе адал болу, тіпті, отбасыңа пісірген асыңа дейін адал болу. Соңғы уақытта жарына адал бола алмай, сүрініп жатқандар жайлы жаңалықтарды жиі естіп, жүрегім ауырады. Отбасының іргетасы – адалдық. Іргетасы әлсіз болса, үйдің іргесі сөгіледі, ұзаққа шыдамайды.
Отбасын сақтау ол тек махаббатпен ғана емес, түсіністікпен, төзімділікпен, сабырмен, кешіріммен де келеді.

Үйлену – оңай, үй болу – қиын. Бір күнде шаңырақ көтеруге болады, бірақ сол шаңырақты шайқалтпай сақтау өмір бойғы еңбек. Қазақпыз ғой... Отбасы біз үшін қасиетті ұғым. Біз бұл құндылықты жоғалтпауымыз керек. Мен ешкімді сынға алғым келмейді. Бәріміздің өміріміз әртүрлі. Бірақ бір нәрсе анық: ұрпағымыздың толыққанды отбасында өсуі – ата-ана ретінде біздің мойнымыздағы үлкен жауапкершілік. Сол үшін осы сөзімізбен, әрекетімізбен, видеомызбен де болсын, шайқала жаздаған бір шаңырақты сақтап қалуға себепші болсақ деген ниет. Шаңырақтарыңыз шайқалмасын! Отбасыларыңыз аман болсын! Бақытты ғұмыр кешіңіздер!" – деп жазды Қарақат Әбілдина.