Logo
Іздеу
Айдарлар

Ирандағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарды Тегеран прокуроры өлім жазасымен қорқытты

/
Ирандағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарды Тегеран прокуроры өлім жазасымен қорқытты
Сурет: ашық дереккөзден

Тегеран қаласының прокуроры Али Салехи жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, мүлікті бүлдірген және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ атқан адамдар «мемлекетке қарсы бүлік» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Сот жүйесі үшін қызыл сызық – ел азаматтарының қауіпсіздігі. Террористерге қатысты ұстанымымыз қатаң болады, ал олар үшін шығарылатын үкім – мемлекетке қарсы бүлік жасағаны үшін үкім», – деді Салехи Иранның мемлекеттік телерадиокорпорациясы эфирінде.

Иранның қылмыстық заңнамасына сәйкес, «мемлекетке қарсы бүлік» халықты қорқыту мақсатында қару қолдану деп түсіндіріледі. Бұл қылмысқа кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесілуі мүмкін.

2025 жылғы 29 желтоқсанда Тегеранның орталығында иран риалы бағамының күрт құлдырауына байланысты саудагерлердің наразылық акциялары басталды. 30 желтоқсанда толқуларға студенттер қосылды. Тәртіпсіздіктер елдің көптеген ірі қалаларына тарады. 2 қаңтарда көшелерде қарулы белгісіз топтар пайда болып, бүлікшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қарулы қақтығыстар жиілей түсті.