Logo
Іздеу
Айдарлар

Екібастұздағы қанды қырғын

/
Екібастұздағы қанды қырғын
Сурет: видеодан скрин

Жан түршігерлік кадрлар kerek.pv Telegram-каналында жарияланды. Бейнежазбада үйдің кіреберісіндегі баспалдақпен бір әйелдің соңғы күшімен төмен түсіп бара жатқаны көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның аяқтары қан-жоса, баспалдақтарда қанды іздер қалып жатыр. Төмен түскен соң әйел бұрышқа кіріп, құлап қалады. Оның соңынан қолында пышағы бар басқа бір әйел келеді. Ол жерде жатқан құрбанның бетінен бірнеше рет шапалақпен тартып жіберіп, содан кейін пышақпен соққы бере бастайды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті бұл қылмыстың 9 қаңтарда жасалғанын хабарлады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал кезінде, болжам бойынша мас күйінде болған қатысушылардың біріне көптеген пышақ жарақаты салынғанын анықтады. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген ақпаратта.

Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.