Logo
Іздеу
Айдарлар

«Орталық Азия мәселеге айналуы мүмкін»: Соловьев «арнайы әскери операцияның» ауқымын кеңейту туралы айтты

/
«Орталық Азия мәселеге айналуы мүмкін»: Соловьев «арнайы әскери операцияның» ауқымын кеңейту туралы айтты
Сурет: видеодан скрин

Ресейлік тележүргізуші әрі насихатшы Владимир Соловьев Ресей «арнайы әскери операцияны» тек Украинада ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі басқа елдерде де бастауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Толығырақ Ол мұндай мәлімдемені өзінің авторлық бағдарламасының эфирінде жасады. Соловьевтің пікірінше, Мәскеу үшін Сирия немесе Венесуэладағы оқиғалардан гөрі Армения мен Орталық Азия елдері басымдыққа ие болуы тиіс.

— Армениядан айырылу — міне, осы нағыз алып мәселе. Біздің Азиядағы, олар айтып жүрген Орта азиядағы, Орталық Азиядағы мәселелер — міне, осы біз үшін үлкен проблема болуы мүмкін. Біз мақсаттарымыз бен міндеттерімізді өте нақты тұжырымдауымыз керек. Біз: «Ойын бітті. Халықаралық құқық пен халықаралық тәртіпке түкіргеніміз бар», деп түсіндіруіміз қажет.

Егер бізге ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украина аумағында «арнайы әскери операцияны» (СВО) бастау қажет болса, дәл осындай себептерге сүйене отырып, неге өз ықпал ету аймағымыздағы басқа нүктелерде де СВО-ны бастамасқа?, — деді ол.